Қоғам

Қаздардан қашып танымал болған балаға 100 қаз сыйға берілді

11:44, 18 қыркүйек 2025 17

Шелек ұстап, қаздардан қашып бара жатқан видеосымен желіде танымал болған ақтөбелік балақай күтпеген сыйлыққа ие болды – оған тағы 100 құс берілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Балақайға арналған сыйлық туралы оның әкесі Махамбет Ермеков пен қазақстандық партия филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев желідегі бірлескен жазбасында мәлім етті.

"Қаздардан қашып жүрген Керей енді қаздың иесі! Әлібек Базарғалиев Керейге 100 қаз сыйлады", - делінген хабарламада.

Баланы танымал еткен видео әкесінің Instagram-дағы парақшасында 16 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Бұған дейін қаздан қашқан баланың видеосы желіде тарап кетті. Оны тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg парақшасына бөліскен еді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз