Қоғам

«Қазақтелеком» акционерлеріне 293,4 миллиард теңге дивиденд төлемек

16:00, 16 мамыр 2025 19

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» рекордтық мөлшерде – 293,4 миллиард теңге дивидендтер төлемек. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Бағдат Мусин мілңмдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл сандар жай ғана қаржы емес. Оның түбінде жүйелі жұмыс, тәуекелдер, реформалар, мыңдаған шешім мен осының бәрін жүзеге асырған он мыңдаған адамның маңдай тер еңбегі тұр. Биыл қаңтар айында МТС-тағы 100% үлесті сату туралы мәмілені сәтті аяқтауымыз да үлкен үлес қосты. Акционерлерге алғыс білдіремін. Сіздер жай ғана ақша салған жоқсыздар, бізге сенім арттыңыздар. Бұл өте дұрыс шешім болды. Клиенттерімізге ерекше рахмет айтамын. Сіздің таңдауыңыз да инвестиция. Үміттеріңізді ақтауға бізге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет, – деді Бағдат Мусин.

Айтуынша, компания Kcell-ді дамытып, жаңа буынның цифрлық сервистерін іске қоспақ. Сондай-ақ, ЖИ арналған инфрақұрылымды жақсартуды көздеп отыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз