Қазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
8-9 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, – делінген Ақорда хабарламасында.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.