Қазақстандықтар жаңа жылда қалай демалатыны белгілі болды

Редактор
19.11.2025, 17:28
Қазақстандықтар жаңа жылда қалай демалатыны белгілі болды
Қазақстанда 2026 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған ресми демалыс күндері бекітілді, деп жазады bairaqmedia.kz.

Қазақстанда 2026 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған ресми демалыс күндері бекітілді, деп жазады bairaqmedia.kz.

Елімізде 1–2 қаңтар – Жаңа жыл, ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі ретінде белгіленген.

2026 жылы 1 қаңтар аптаның соңына тура келетіндіктен, қазақстандықтар 30 және 31 желтоқсанда әдеттегідей жұмыс істейді. Осыдан кейін төрт күн қатарынан демалыс беріледі. 5 қаңтарда жұмыс қайта жалғасып, Рождество мерекесіне дейін екі күн еңбек күні болады. 7 қаңтар сәрсенбіге сәйкес келіп, тағы бір ресми демалыс күнін береді.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

30, 31 желтоқсан – жұмыс

1, 2, 3, 4 қаңтар – демалыс

5, 6 қаңтар – жұмыс

7 қаңтар – демалыс


Жалпы: 12 демалыс күні, 19 жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

30, 31 желтоқсан – жұмыс

1, 2 қаңтар – демалыс

3, 5, 6 қаңтар – жұмыс

7 қаңтар – демалыс


Жалпы: 7 демалыс күні, 24 жұмыс күні.