Қоғам

Қазақстандық спортшылар Түркияда алтын жүлдеге ие болды

13:19, 29 маусым 2025 18

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен халықаралық турнирде қазақстандық 3 спортшы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Спорт комитетінің мәліметінше, тұғыр сатысына көтерілгендер:

1.Нұрқожа Қайпанов (74 келі) – 1-орын

2.Азамат Дәулетбеков (86 келі) – 2-орын

3.Ризабек Айтмұхан (97 келі) – 1-орын

Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

Айта кетсек, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз