Спорт

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

15:56, 22 мамыр 2025 103

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды.



Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.🥇

 Чемпион атанған боксшылар:
• 48 келі – Айым Танкибаева
• 50 келі – Сила Биболсынқызы
• 52 келі – Рахмина Абдумежитова
• 54 келі – Жанель Имантаева
• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 келі – Толғанай Қасымхан
• 63 келі – Алина Құдайгенова
• 66 келі – Ақбота Есімбекова
• 70 келі – Мария Сидоренко
• 75 келі – Зарина Толыбай
• 81 келі – Құралай Егінбайқызы
• +81 келі – Сабина Жақсылық

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз