Аймақ

Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауының жеңімпазы атанды

10:31, 14 шілде 2025 96

Беларусь елінде дәстүрлі "Славян базарының" қорытындысы шықты. Бұл жолы бас жүлде отандасымыз Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан қатысқан Алмагүл Батталиева Гран-при иегері атанды. Отандасымыз жалпы саны 137 ұпай жинаған. Финалда ол “Вечность” әнін орындап, тыңдармандардың жүрегінен орын алды.

Алмагүл Батталиева – Жетісу облыстық филармониясының әртісі. Байқау барысында ол вокалдық тұрғыдан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді орындап, қазылар алқасын мықты даусымен және харизмасымен тәнті етті.

Бірінші орынды Беларусь елінің әншісі Валерия Бернатович жеңіп алды. Екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Үшінші орын ресейлік Эрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке бұйырды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз