Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мәжіліс жалпы отырыста «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жасанды интеллект технологиясын дамыту үшін депутаттар бастамашы болды.
Заң жобалары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оны экономиканың түрлі саласында жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлін анықтауға, әзірлеушілер мен инвесторлар үшін нақты және ашық «ойын ережелерін» құру арқылы ЖИ-ді пайдалануды құқықтық реттеуге бағытталған.
Негізгі заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты ЖИ экожүйесін құру жолындағы алғашқы және маңызды қадам болмақ.
Заң жобасының маңызды бөлігі – ұлттық жасанды интеллект платформасы. Бұл – жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу мен қолдануға арналған бірыңғай инфрақұрылым. Платформа арқылы жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін деректер кітапханалары әзірлеушілерге қол жетімді болады.
Жасанды интеллект саласын дамытуға, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, білім беру бағдарламаларын құруға, халықаралық ынтымақтастықты қаржыландыруға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл Қазақстанның әлемдік жоғары технологиялық нарықта бәсекеге қабілетті қатысушы болуына көмектеседі.
Заң жобасы жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынасты реттеу қағидаттарын белгілеп, оған барлық қатысушының құқықтары мен міндеттерін нақты айқындайды. Осылайша, ЖИ жүйелерінің иелері өз жүйелерін пайдалану шарттарын белгілеп, құқықтарын қорғай алады және тәуекелдерді басқара алады. Ал пайдаланушылар жеке деректерін қорғауға, ЖИ жүйелерінің жұмысы туралы хабардар болуға және автоматтандырылған шешімдерге қарсылық білдіруге құқылы болады.
Қоғам
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады
15:47, 14 мамыр 2025 26

Фото: depositphotos.com
Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.
Тағы да оқыңыз
-
Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты
17:11, 14 мамыр 2025
-
"Өлікпен" ойнаған астаналық блогер сынға ұшырады
14:26, 14 мамыр 2025
-
Кентау қаласында 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды
14:18, 14 мамыр 2025
-
Тоқаев Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады
14:11, 14 мамыр 2025
-
Қызылорда облысында дәретхана шұңқырына құлаған түйе құтқарылды
13:58, 14 мамыр 2025
-
Абай облысында ұлттық парк қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген
13:51, 14 мамыр 2025
Соңғы жаңалықтар
-
Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты
17:11, 14 мамыр 2025 42
-
Желге ұшқан ақша: Астанада экс-депутат сотталды
16:08, 14 мамыр 2025 24
-
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады
15:47, 14 мамыр 2025 26
-
Абай шығармалары арқылы өзіңді таны: Ақтөбелік мұғалім бұрын-соңды болмаған трансформациялық ойын құрастырды
15:24, 14 мамыр 2025 31
-
"Өлікпен" ойнаған астаналық блогер сынға ұшырады
14:26, 14 мамыр 2025 29
-
Кентау қаласында 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды
14:18, 14 мамыр 2025 36
-
Тоқаев Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады
14:11, 14 мамыр 2025 122