Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады", - делінген "Қазтелерадио" АҚ хабарламасында.
"Қазтелерадио" уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрады.