Қазақстанда ипотека мөлшерлемесін төмендету мерзімі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
2024 жылы қабылданған шешімге сәйкес, ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуге тиіс болған. Алайда, бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.
Осы уақыт ішінде қолданыста болатын шекті мөлшерлемелер:
- Ипотекалық қарыздар — 25%;
- Кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары — 35%;
- Кепілсіз қарыздар мен микрокредиттер — 46%.
Қаулыға өзгертулер енгізілмеген жағдайда жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.