Қоғам

Қазақстанда ер балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егілмек

17:26, 26 маусым 2025 17

Қазақстанда 2026 жылдан бастап ер балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу көзделіп отыр. Бұл туралы Денсаулық вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Өткен жылы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе егуді бастадық. Бұл дерт өте қауіпті, яғни жатыр мойны обыры және басқа да онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін. Қазір Үкіметте вакцинаны ер балаларға да егу мәселесі қарастырылып жатыр. Алдын ала жоспар бойынша, шамамен бір жылдан кейін бұл жұмысты бастау көзделіп отыр, – деді Тимур Сұлтанғазиев.. 

Сондай-ақ вице-министр адам папилломасы вирусына қарсы екпе алатын қыздардың жас санатын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.  

Біздің стратегиямыз – қыз балаларды барынша қамту. Қыздарды және алдағы уақытта ұлдарды да қамту үшін вакцинациялау деңгейін 90 пайызға дейін жеткізу керек. Жыл соңына дейін 90 пайыздық межеге жетуді жоспарлап отырмыз. Кейін кезең-кезеңімен екпе алатын топ қатарын кеңейтеміз, яғни алдымен қыздар арасында, одан кейін ер балаларға да енгіземіз, – дейді вице-министр. 

Айта кетсек, өткен жылы Үкімет адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз