Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджет аясында ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бүгін төменгі палатада үш жылдық бюджеттің жобасы қаралды. Сол кезде мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыға қатысты өз қорытындысын жариялады.
"Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді", - делінген құжатта.