Қоғам

Қазақстанда бетті тұмшалап жүруге заңмен тыйым салынуы мүмкін

13:36, 10 маусым 2025 64

Қазақстанда бетті тұмшалап жүруге заңмен тыйым салынуы мүмкін. «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілетін тиісті түзетулер Сенатта қаралып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл бастама Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында ұсынылды.

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім элементтеріне – мысалы, балаклава немесе маска сияқты заттарға, егер олар нақты негіздерсіз қолданылса, шектеу қойылуы мүмкін.

Алайда медициналық көрсеткіштер бойынша, қызметтік міндеттерді орындау кезінде, ауа райының қолайсыз жағдайларында, азаматтық қорғаныс шеңберінде, сондай-ақ мәдени немесе спорттық іс-шаралар барысында бет-әлпетті тұмшалайтын киімдерді киюге рұқсат етіледі.

Түзетуді талқылау әлі жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз