Қоғам

Қазақстанда 800 мың киікті атуға рұқсат етілуі мүмкін

11:12, 25 маусым 2025 23

Қазақстанда 800 мыңға дейін киік атуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Министрдің айтуынша, киіктерді ату туралы түпкілікті шешім алдағы күндері жарияланады. Ғалымдар популяцияның 20%-ын табиғаттан жою қажет деп ұсынып отыр.

«Біз ресми түрде ғылыми негіздемені алдық. Қазір ұйымдастырушылық мәселелерді талқылап жатырмыз. Бір-екі күн ішінде шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Ғылым бүкіл популяцияның 20%-ын алу керек деп отыр», – деді министр.

Экология министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 3,9 миллион киік бар. Демек, 800 мыңға жуық жануар атуға жатуы мүмкін.

Сондай-ақ министр мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ет комбинаттарын тарту қажет екенін айтты. Бұл кәсіпорындар әкімдіктермен және мүдделі компаниялармен бірлесе отырып құрылмақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз