Қоғам

Қазақстан полициясы боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

11:09, 01 қараша 2025 21

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, Екатерина Бивол "қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеуде" деп көрсетілген.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Тергеуге дейінгі тексеріс жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Әлеуметтік желілерде әйелдің қырғыз халқын балағаттаған видеолары тарап, ел ашуын тудырған болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз