Саясат

Қазақстан Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын - СІМ

12:39, 03 наурыз 2026 12

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін президент араб елдерінің жасалған шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Ал министрлік Ирандағы бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты көңіл айтқан.

"Қазақстан өзге елдердің ісіне араласпайды. Осындай ұстанымды ұстадық, ұстап отырмыз және ұстай береміз. Сондықтан дәл осы жағдайда Иранды да, шабуылға тап болған елдерді де, ешкімді жақтап отырған жоқпыз", - деді Бақаев үкіметтегі брифингте.

Осы орайда министрдің орынбасары Қазақстанның Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екенін де жеткізді. Бұған дейін Алматыда ондай келіссөздер болған.

"Сосын Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздердің 20-дан астам раунды өткен болатын. Соның арқасында қақтығыстың өршуіне жол берілмеді", - деді Бақаев.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз