$ 464.86
 544.03
 6.14

Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды

Редактор
04.03.2026, 14:33
pixabay.com
pixabay.com
4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлады bairaqmedia.kz көлік министрлігіне сілтеме жасап.
4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлады bairaqmedia.kz көлік министрлігіне сілтеме жасап. 
 
Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:
 
KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
 
KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
 
KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
 
KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам.
 
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
 
Министрлік хабарлауынша, қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.
 
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.