Әлем

Қазақ сарбаздары Сирия шекарасына аттанды

18:08, 10 сәуір 2025 43

Голан жотасына Қазақстан қарулы күштерінің екінші легі аттанды деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. Олар БҰҰ бітімгерлік миссиясы аясында қызмет етеді.

139 жауынгер бүгін Сирия астанасы Дамаскіге ұшып кетті. Бітімгерлік күштерін шығарып салу салтанаты Алматыдағы Құрлық әскері институтында өтті. «Голан жотасында бітімгерлік күштерін жіберу әлемдік аренада Қазақстан мен оның Қарулы күштерінің биік мәртебесін айғақтайды. БҰҰ мандаты аясында жүктелген міндетті аброймен атқаруға дайынбыз» деді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев. Жауынгерлер арасында екі әйел адам бар екен. Сарбаздар қақтығыс аймағында қауіпсіздікті бақылау, блок бекеттерді күзету, жарылғыштарды залалсыздандыру және БҰҰ қызметкерлерін күзету сияқты қызметтерді атқарады. Ал бітімгерлік күштерінің бірінші легі қызметті аяқтап, елге оралды.   

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз