Талдықорғандық Дәрия Қуатжан "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Дәрия Қуатжанға 26 376 адам дауыс берген (барлық нәтижелер өңделгеннен кейінгі қорытынды дауыс саны).
Екінші орын 13 160 дауыс жинаған өскемендік Диана Қырымға, үшінші орын 11 045 дауыс жинаған Түркістан қаласының өкілі Дариға Рахымға бұйырған.