Танымал ММА файтері Жұман Жұмабеков Динара Алжанға берген сұхбатында марқұм әкесіне қол көтергені үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Әкем мені емес, мен әкемді ұрған едім. Сол әрекетіме өкініш бар. Кешірім сұрап үлгермедім. Сол ісім қателік болды. Әкемді жақсы көремін. Менің өмірге келуіме себепші кісі ғой. Оның кетіп қалатынын білгенімде, "кешір мені" деп кешірім сұрар едім. Қатты өкінемін", - дейді Жұман Жұмабеков.
Көпшілік спортшының әрекетін сынап түрлі пікір жазып жатыр.
"Әкеңе қол көтерген болсаң, оңбайсың", "Сен жақсы адам емессің", "Өз ұлыңнан күт енді", "Бұл өкініш емес, өлім ғой", - деп жазып жатыр көпшілік.