Ресми мәлімдемеде президент туған күнін атап өтпейтіні айтылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Президент бұл датаны атап өтпейді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні 17 мамырда. 2 күннен соң мемлекет басшысы 72 жасқа толады.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысының туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өтпеген. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнімен құттықтамауын сұраған. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың ұстанымы осындай екенін, оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмағанын айтқан еді.