Қазақстанда маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуына кедергі келтіретін бюрократиялық кідірістерге жол берілуде. Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-тың бірлескен тексерісі нәтижесінде заманауи қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне қатысты отандық инвестор жобасына байланысты заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Атап айтқанда, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі инвестициялық келісім жобасы бойынша комиссияны заңмен белгіленген 15 жұмыс күні ішінде емес, 47 күн кешіктіріп құрған. Бұдан бөлек, өтінімдерді қарау мен қажетті қорытындыларды дайындау мерзімдері де заңсыз кешіктірілген.
Прокуратура актісі негізінде министрлік департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
Бұл жағдай инвесторлар құқығы мен елдің инвестициялық тартымдылығы мәселесінің әлі де өткір тұрғанын көрсетті. Бас прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта 1 352 инвестордың 801 проблемасы шешімін тапқан.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Бас прокуратураның ерекше бақылауында.