Аймақ

Қаржылық қақпан: 350 адам алаяқтардың құрбаны болды

09:35, 09 маусым 2025 14

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.

Қазір екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз