Қоғам

Астанадағы автобус апаты: екі аяғынан айырылған қызға әкімдік пәтер береді

11:56, 09 маусым 2025 83

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыздың отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Әкімнің айтуынша, әкімдік балаға 10 млн теңге қаржылай көмек көрсеткен, бұған қоса тағы да 10 млн теңге беру жоспарланып отыр. 

Аталған көмектерден бөлек бұл отбасының баспана мәселесін шешіп береміз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетсек, бұған дейін Астана әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күндерден бастап жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Әкімдік өкілдері мен автобус паркі қызметкерлері зардап шеккен қыздың туыстарымен кездесіп, бірқатар көмек түрін ұсынған. Атап айтқанда:

 Автопарктің сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған (қазіргі уақытта заң аясында рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр).

Бұдан бөлек, автопарк тарапынан қосымша 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданған.

Отбасы Ақмола облысынан келгендіктен, Астанада емделу және оңалту кезеңінде тұрғын үй жалдау бойынша көмек ұсынылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада автобус апатынан зардап шеккен адамдардың үшеуі ауыр хәлде жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз