Қоғам

«Қарғысқа ұшырайсың»: қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, эфирге шықты (ВИДЕО)

12:52, 03 қыркүйек 2025 129

Алматыда блогер өзін тірідей көміп, TikTok-та тікелей эфир жүргізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқиға қала аумағында болған. Белгілі болғандай, блогер әлеуметтік желіде қаралым жинау мақсатында өзін жерге көміп, бір тәулік бойы сол жерде жатып эфирге шыққан.

Оның айтуынша, бұл әрекет «адам мұндай жағдайда өмір сүре ала ма?» дегенді сынау үшін жасалған. Алайда «эксперимент» қауіпті жағдайға ұласқан.

Аталған видео әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ғана емес, құқық қорғау органдарының да назарын аударды.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаны тексеріп жатқанын растады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз