Танымал қазақстандық актер Мұрат Бейсембин өмірден өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қаралы хабарды актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Шексіз жақсы көремін», деп жазды қызы.
Өнер иесінің қайтыс болуына байланысты әріптестері мен өнерсүйер қауым көңіл айтып, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдіріп жатыр.