Қарағандыда 18 жастағы спортшы жекпе-жек түріндегі турнирге қатысқаннан кейін комаға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оқиға туралы спортшы Арслан Атымтаевтың әпкесі Threads әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, оқиға 2026 жылғы 14–15 ақпан аралығында Қарағандыда өткен жарыс кезінде болған.
Әпкесінің сөзінше, айқас кезінде қарсылас тыйым салынған әдісті қолданған. Спортшы құлағаннан кейін дезориентацияға ұшыраған, алайда, айқас тоқтатылмаған. Рауңд аяқталған соң Арслан есінен танып, туыстарының айтуынша, рингте тікелей комаға түскен.
Спортшының отбасы турнирдің медициналық қамтамасыз етілуінде де бұзушылықтар болуы мүмкін екенін атап өтті. Отбасының мәліметінше, жерде тек бір ғана дәрігер болған, қажетті жабдықтар болмаған, жедел жәрдем бригадасы кезекшілік жасамаған, зардап шегушіні тасымалдау протоколдарға сай жүзеге аспаған.
Жарияланымда спортшының ауыр жарақат алғаны, оның ішінде ми жарақаты, қан кету және ми ісінуі диагноз қойылғаны көрсетілген.
Спортшы шұғыл ота жасалып, жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.