Қоғам

«Қара жорғаны іш киіммен билеген»: Тойдағы бассыздық елдің ашуына тиді

22:53, 14 тамыз 2025 42

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түсірілген видео қызу талқыланып, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Видео кадрларынан бірнеше ер адам ішкиіммен көпшілік ортасында «қара жорға» билеп жүргенін байқауға болады. Оқиға тойда өткен конкурстардың бірінде болғаны байқалады. 

Көрініс көпшіліктің ашуын туғызды. Пікір білдірушілер тек сын айтуда. «Осыны тоқтататын бір ақылдау адам табылмады ма?», «Ұятсыздықтың деңгейі шектен шықты» деп жазып жатыр. Кейбірі мұндай «ойын-сауыққа» асабаларды жауапты санап, «ұлттық биді қорлау» деп бағалаған.

Қоғам белсенділері мұндай роликтер той мәдениетінің қай бағытқа кетіп бара жатқанын көрсететінін айтып, ұйымдастырушыларды да, мейрамхана иелерін де тәртіп пен этиканы қатаң қадағалауға шақырады. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз