"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтың Instagram желісінде бала күнгі арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Темірлан Анарбеков желідегі жазбасында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде негізгі құрамдағы алғашқы ойыннан кейінгі эмоциясын бөлісті.
"Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойын, тағы бір балалық арманым орындалды", - деп жазды Анарбеков.
Көпшілік "Қайрат" қақпашысының шеберлігіне тәнті болып, есімі қазақ футболының тарихына енгенін атап өткен.