Қоғам

«Қанша қимасам да, ақтық сапарға шығарып салдыңыздар»: Асанәлі Әшімовтің әйелі жан тебірентерлік жазба жариялады

10:24, 07 қаңтар 2026 176

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік серігінен айырылуы туралы жан сырын ақтарды.

«Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23 жыл, бір ай, үш күн бірге өмір сүрген Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар.

Қайғы бөліссе азаяды деп, көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін.

Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар. Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын, сол жандардың алақан жайып Алладан сұраған бата-тілектерін Алла қабыл етеді, пейіштен орын береді дейді. Әумин, әумин, әумин. Әр шаңырақта бақ-береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын», - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз