Қоғам

«Қалжыңдасудың да шегі бар»: Министрлік оқушыларға ескерту жасады

17:36, 28 сәуір 2025 62

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылар мен олардың ата-аналарына буллинг үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қалжыңдасудың да шегі бар. Біреуді мазақ ету – бұл әзіл емес. Буллинг пен кибербуллинг – заңбұзушылық! Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған:

  • Бірінші рет жасалған жағдайда ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады;
  • Егер қайталанса, 30 АЕК (110 760 теңге);
  • Егер бұзақылық жасаған бала 12-16 жас аралығында болса, оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жауап береді, – деді ведомство өкілдері.

Неліктен бұл маңызды?

Әрбір баланың мектепте, интернетте, жалпы кез келген жерде өзін қауіпсіз сезініп, қолдауға ие болуға құқығы бар.

 Егер буллингке тап болсаң — үндемей қалма!
 Мектептегі психологпен сөйлес.
 Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгін.
 111 байланыс орталығына қоңырау шал — сенің құқығың мемлекеттің қорғауында! – деп қосты Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз