Қайырымдылыққа деп, енді кім көрінгеннің елден ақша жинауына шектеу қойылуы мүмкін. Қоғам арасында кең талқыланған мәселеге қатысты бүгін мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеме жасады. «Дегенмен елге зияны тиетін шешімдер қабылданбайды» - деді Аида Балаева.


Қайырымдылыққа деп, енді кім көрінгеннің елден ақша жинауына шектеу қойылуы мүмкін. Қоғам арасында кең талқыланған мәселеге қатысты бүгін мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеме жасады. «Дегенмен елге зияны тиетін шешімдер қабылданбайды» - деді Аида Балаева, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

— Бұл мәселе жіті талқыланып, жұмыс тобы құрылды. Ұсыныстарды жан-жақты жинап, сараптама қорытындыларды зерделеп жатқандықтан, әзірге нақты шешім жоқ. Мұндай бастамалар тегінненөтегін қабылданбайтынын түсінуіміз керек. Спекуляция мен алаяқтықтың жеке жағдайлары бар болғандықтан, біз қайырымдылық, көмек беру тетігін жетілдіру мәселесін қарастырудамыз. Әзірге нақты шешім жоқ, мәселе талқылау сатысында, нәтижесін күтейік.

Аида Балаева аталған мәселе министрлік қабырғасында ғана шешілмейтінін әрі бұған азаматтық қоғам институттары тартылғанын жеткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де өз ұсынысын білдіруге құқығы бар.

Қазір министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, мәселе жан-жақты зерттелуде. Министр бұл түзетулердің қашан қоғамдық талқылауға шығарылатынын немесе Парламентке қашан ұсынылатынын айтқан жоқ. Тек бұл қадам айналып келгенде, көмекке шын зәру азаматтарға қол ұшын созу мақсатында жасалып жатқанын атап өтті.