"Пышақтаған". Жанжалдың соңы полицейдің өлімімен аяқтала жаздады
Алматыдағы дәмханалардың бірінде төбелес кезінде тәртіп сақшысын пышақпен жарақаттаған.
Жанжалдың соңы полицейдің өлімімен аяқтала жаздады. Алматыдағы дәмханалардың бірінде төбелес кезінде тәртіп сақшысын пышақпен жарақаттаған. Оқиға Алатау ауданындағы Аққент шағынауданында түнде болған, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
42 жастағы тәртіп сақшысы дереу ауруханаға жеткізілген.
Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Полиция департаменті жараланған қызметкерлерінің полиция капитаны екенін айтып отыр. Бірақ бұл жағдай оның жұмыстан тыс кезінде болған дейді. Сондықтан төбелесті кімнің бастағаны, әлде полицей жанжалдасқандарды ажыртапақ болды ма, ол әзірге белгісіз.
Полиция суық қару қолданған 32 жастағы ер адамды қамауға алып тергеп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сезікті ізін суытпай жатып ұсталып, ҚР ҚК 138-бабымен қамауға алынды. Жұмыстан тыс уақытта болған. Полиция қызметкері ауруханада, ем қабылдауда.