Ресей президенті Путин Қырғыз басшысы Садыр Жаппаровпен ресми кездесу барысында елдегі орыс мектептерінің санын көбейту керектігін айтты. Ол мұны екі ел арасындағы тығыз байланысты арттыратынымен атап өтті, деп жазады Alash.KZ.
“Қырғызстандағы 43 мектепте 200-ден астам Ресейден келген мұғалім жұмыс істейді. Біз жақында ғана 6 мектепті аштық және алдағы уақытта да орыс мектептерін ашу жоспарымызда бар. Қырғызстанда орыс тіліне ерекше мәртебе берілгені үшін сізге алғыс айтқым келеді. Бұл бізге бірқатар басқа бағыттар бойынша, соның ішінде экономика саласында да тиімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді.”, деді Путин.
Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылдың соңында Қырғызстанның 260 мектебінде оқыту тек орыс тілінде, ал 576 мектепте қырғыз – орыс тілінде жүргізіледі. Бұл 2394 орта мектептің жалпы санының 1/3 (үштен бірін) құрайды.
Бұл ретте қырғыз тілді мектептердің саны он жыл бұрынғымен салыстырғанда 4% - ға қысқарған. Ал орыс тілінде оқитын студенттер саны 8% - ға өсті, ал қырғыз-орыс тілінде оқитын студенттер саны екі еседен астам өскен. 2024 жылдың соңына қарай тек орыс тілінде оқитын балалардың саны оқушылардың жалпы санынан 149 мыңға (21%) жеткен.