$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Президент Қорғаныс министрін лауазымынан босатты

Редактор
27.09.2026, 09:11
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты 

Каспий теңізінде қаза тапқан сарбаздар оқиғасынан кейін Қорғаныс министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды», - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілер теңізден шыға алмай қалған. Үкіметтік комиссия нақтылаған мәлімет бойынша, теңізге 17 әскери қызметші кеткен. Олардың үшеуі аман. 14 жауынгер қаза тапқан.