$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

ALMATY GASTRO WEEK Алматының 21 мейрамханасын бір алаңға біріктірді

Редактор
26.09.2026, 18:24
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Аспаз Брандо Моростың шеберлік сабағы болды 

Алматыда Жібек жолы көшесінде қаланың 21 мейрамханасын бір алаңға біріктірген ALMATY GASTRO WEEK өтіп жатыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Күні бойы қонақтар қатысушы мейрамханалардың тағамдарымен танысып, шеф-аспаздардың жұмысын тамашалап, мәдени және ойын-сауық бағдарламасына қатыса алады.

Іс-шараның басты оқиғаларының бірі Дубайдағы Michelin жұлдызына ие 11 Woodfire мейрамханасының бас аспазы Брандо Моростың шеберлік сабағы болды. Ол тағам дайындаудың заманауи тәсілдерін көрсетіп, авторлық тағам ұсынды.

Жергілікті өнімдер мен қаланың символикасына ерекше назар аударылды. Алма — Алматының басты символдарының бірі болғандықтан, шеф жасыл алма қосылған теңіз тарағынан севиче дайындады. Теңіз өнімі мен балғын жасыл алманың ерекше үйлесімі іс-шараның гастрономиялық ерекшеліктерінің біріне айналды.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында бармен-шоу, «FAMOUS» Live Band тобының өнер көрсетуі, DJ-сеттер, интерактивті бағдарламалар және иллюзиялық MAJESTIC SHOW өтеді.

Концерт «Дос-Мұқасан» ансамблінің өнер көрсетуімен түйінделеді.