$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды

Редактор
27.09.2026, 18:11
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады 

Биыл Almaty Marathon аясындағы экологиялық бағдарлама бірден бірнеше кезеңде – старттық жиынтықтарды тарату кезінде, жарыс жолында және мәреге жету аймағында ұйымдастырылды, деп жазады Вairaqmedia.kz.

Мәреге жету аймағында Eco Network алаңы жұмыс істеп, қатысушылар мен қонақтарға қалдықтарды бөлек жинау туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қайта өңдеуге қандай қалдық түрлерін тапсыруға болатыны көрсетілді.

Бағдарлама аясында пластик қақпақтарды қайта өңдеу үдерісі де көрсетілді. Келушілер пластиктің қалай сұрыпталып, кейін қайта пайдалануға дайындалу үшін ұсақталатынын көрді. Мұнда қайта өңделген шикізаттан жасалған бұйымдар, соның ішінде «Мен Алматыны жақсы көремін» және «Марафонға жүгіремін» топтамаларынан брелоктар ұсынылды.

Балалар үшін қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге арналған экологиялық викториналар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар жарыс жолының бойында да жиналды. Су беру нүктелерінде еріктілер пайдаланылған пластик бөтелкелер мен стақандарды жинады. Марафон аяқталғаннан кейін олар сұрыпталып, өлшеніп, қайта өңдеуге жіберіледі.

Жұмыс Almaty Marathon Expo кезінде басталды. Старттық жиынтықтарды тарату күндері Eco Network еріктілермен бірлесіп, картон қораптар мен басқа да қаптама қалдықтарын жинап, кейін сұрыптау және қайта өңдеу үшін өткізді.