Қоғам

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

15:37, 17 сәуір 2025 24

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз