Қоғам

Президент Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттады

17:25, 25 ақпан 2026 12

Мемлекет басшысы ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

"Құрмет" ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз