Қоғам

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

12:20, 25 қазан 2025 14

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. 

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. 

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз