$ 482.33
 557.57
 5.74

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Редактор
21.03.2026, 11:30
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.