Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ астанасы Вашингтонда ұшақ апаты болғанын хабарлаған болатынбыз. Әуе көлігі қонуға бет алған кезде тікұшақпен соғысып қалған.