Петропавл тұрғыны 19 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жіберген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, ер адам биржалық ойындарға 19 миллион теңге аударған. Доллармен есептелген табысы үнемі өсіп отырған, бірақ ол ақшасын алмақ болғанда, алаяқтар байланысқа шықпай қойған.
Бес ай ішінде осындай схемаларға қатысты 27 солтүстікқазақстандық киберқылмыстың құрбаны болды. Полицейлер интернет пен әлеуметтік желі қолданушыларының жеңіл табыс табу туралы уәделеріне сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады, – делінген полиция хабарламасында.