Семейде ассенизатор көлігі әйел адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Bairaqmedia kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Морозов көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 35 жастағы әйелді ассенизатор көлігі қағып кеткен.
ЗИЛ көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Шевченко көшесіне бұрылған кезде жолды кесіп өтпек болған әйелді байқамай, қағып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің жол жүру ережесін бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соққан бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.