Аймақ

Бір күнде қос өлім: Сайран көлінен тағы бір ер адамның мәйіті шығарылды

23:24, 25 маусым 2025 12

Алматыдағы Сайран көлінде тағы бір адам суға батып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Кешкі сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде мас күйінде шомылып жүріп, батып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз