Аймақ

Алматыдағы Сайран көлінде жас жігіт суға батып кетті

20:09, 25 маусым 2025 23

Сайран көлінің батыс жағалауында жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қайғылы жағдай туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешкі 17:30 шамасында болған. 

Оқиға орнында қазір полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жігітті іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Су ішінде кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің болғаны анықталды. Олардың бірі өз күшімен жағаға шыққан. Ал екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

 
Айта кетейік, қазір Сайранда күрделі жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан, жасанды көлде шомылуға рұқсат жоқ. Алайда, жұрт ескертуді елемей, суға түсу маусымын бастап кеткен. Олар ішкен тамағы мен сусының қалдықтарын жағажайға тастап, айналаны әлден қоқыс басып жатқанын да айта кетейік.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз