Қоғам

Перизат Қайраттың анасының телефонға жазған «армандар парағы» ел назарын аударды (ФОТО)

17:37, 22 шілде 2025 38

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Арман Казекен 2023 жылғы 16 тамызда жазылған Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған жеке жазбаларды жария етті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Прокурордың сөзінше, бұл жазбалар қылмыстық жолмен алынған қаражаттың нақты қайда жұмсалғанын көрсетеді.

Телефондағы жазбалардан үзінді:

37 млн теңге – көлік сатып алуға
5 млн теңге – тіс емдеуге
10 млн теңге – Түркияда емделіп қайтуға
3 млн теңге – БАД (биологиялық белсенді қоспалар) алуға
10 млн теңге – қыдыруға
3 млн теңге – фэншуй қызметіне
1 млн теңге – бацзы курсына
2 млн теңге – офлайн іс-шараларға қатысу мен серуендеуге
3 млн теңге – киім сатып алуға
3 млн теңге – ақ алтыннан жасалған гауһар білезікке

Сонымен қатар, айыпталушы Перизат Қайрат өз табысының заңды көзін дәлелдей алмағаны айтылды. Прокурордың мәлімдеуінше, сотқа Қайраттың иелігіндегі өзге де активтер мен қаржылай шығындардың заңдылығын растайтын нақты құжаттар ұсынылмаған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз