Қоғам

Перизат Қайрат ісі: сот залынан тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды

11:24, 14 шілде 2025 35

Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қылмыстық істі судья Сабыржан Кәрімов қарап жатыр.

9 шілдеде Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өткен болатын. Ал басты сот талқылауы бүгін, яғни 2025 жылдың 14 шілдесінде басталды. Сот залынан тікелей эфир жүргізуге болмайды.

Айта кетейік, судья шешіміне сай сот процесі ашық өтеді, бірақ банк құпиясын құрайтын деректерді қосқанда басқа да құпия ақпарат жария етілмейді. Сондай-ақ, айыпталушылардан жауап алу процесі ешкімге көрсетілмейді.

14 шілдедегі сот отырысында журналистер басқа залға шығарылды. Бұл шешімін судья кез келген уақытта құпия ақпарат жариялануы мүмкін деп түсіндірді.

Қайрат пен Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі ашық өтіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына шектеу қойылмаған. Бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың 70-тен астам өкілі қатысуға өтініш берген. Алайда сот сотталушылардың өтініші бойынша олардан жауап алу кезінде, соның ішінде түсініктемелер беру барысында және дәлелдемелерді зерттеу кезінде жариялылықты шектеу туралы шешім қабылдады. Себебі бұл мәліметтер құпия ақпаратты жариялауға әкеп соғуы мүмкін, – деді судья.

Бұған дейін Перизат Қайрат Астанадағы сот процесінде өзін тергеу изоляторы қызметкерлерінің соққыға жыққаны туралы мәлімдеген болатын. Кейін Астана полициясы бұл мәлімдемеге жауап берді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз