Қоғам

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды азаптаған

14:00, 13 ақпан 2025 30

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін іске асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты түрде екі дәрменсіз адамды ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Жәбірленушілердің бірінің жасы – 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Аталған дерек бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір барлық кінәлі адамдар анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз