Аймақ

Павлодарда алты мектепте «бомба қойылды» деген ақпарат тарады

16:00, 13 ақпан 2025 41

Павлодардың бірнеше мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Облыстық білім басқармасының мәліметінше бірінші қоңырау сағат 10:45-те №39 мектепке түскен. Қоңырау соққан адам «балалардың шығып үлгеруі үшін 20 минут уақыты бар екенін» айтқан.

Содан кейін іле-шала №6, 29, 17, 18 мектептері мен Шамкенов атындағы лицейге де осындай мағынада қоңыраулар түскен.

Ұстаздар дереу 102 нөміріне хабарласып, жедел қызмет өкілдері келген. Оқушылар қашықтан оқытуға жіберілген.

Мектептерге жедел қызметтер барып, объектілерді тексерді. Бірақ ештеңе табылмаған.

«Жалған ақпарат беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кім хабар бергені анықталып жатыр», - деді ішкі істер органдары.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз